OMODA & JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

 

1-БАП. OMODA & JAECOO КОМПАНИЯСЫНЫҢ КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ

1.1. КЕПІЛДІК ҚОЛДАНЫЛАТЫН АУМАҚ

Кепілдік міндеттемелері Қазақстан Республикасының аумағында сатылған, тіркелген және пайдаланылып жүрген жаңа автомокөліктерге қатысты қолданылады.

1.2. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ

Кепілдік клиент тарапынан тиісті түрде мәлімделген және ресми дилерлік орталық растаған, материалдардың кемшіліктеріне немесе дайындау технологиясының бұзылуына байланысты ақауларды тегін (жұмыс, бөлшектер) жоюды қарастырады. Дилерлік орталыққа ақауларды жою әдістері, соның ішінде ақаулы бөлшекті немесе агрегатты жөндеу немесе ауыстыру қажеттілігі бойынша шешім қабылдау құқығы берілген. Кепілдік міндеттемелері көлік құралын пайдалану және күту ережелерін сақтаған, соның ішінде OMODA & JAECOO ресми дилерлік желісінде тұрақты техникалық қызмет көрсету жүргізілген жағдайда қолданылады.
Кепілдік жөндеу барысында ауыстырылған қосалқы бөлшектер мен материалдар дайындаушының меншігіне өтеді. Дилер дайындаушының мүддесі үшін осы қосалқы бөлшектер мен материалдарға билік етуге құқылы.

2-БАП. КЕПІЛДІК АУҚЫМЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ

2.1. Төмендегі арнайы бөлшектерге шектеулерді қоспағанда, коммерциялық емес пайдалануға арналған OMODA & JAECOO жаңа автокөлігіне, оның ішінде PHEV/HEV/EV гибрид/электрлік типті автокөлікке кепілдік мерзімі OMODA & JAECOO автокөлігін ресми Дилер алғашқы сатып алушыға сатқан (табыстаған) сәттен бастап, қайсысы бұрын орын алатынына байланысты 5 (бес) жыл немесе 150000 км жүрілген жолды құрдайы. Коммерциялық емес пайдалануға арналған PHEV/HEV/EV типті OMODA & JAECOO гибрид/электрлік автокөліктерінің кейбір негізгі тораптарына және бөлшектеріне кепілдік мерзімі OMODA & JAECOO автокөлігін ресми Дилер бірінші сатып алушыға сатқан (табыстаған) сәттен бастап, қайсысы бірінші орын алатынына байланысты 8 (сегіз) жыл немесе 160 000 км жүрілген жолды құрайды және келесі бөлшектерге бекітіледі:

  • Тартқыш электрқозғалтқыштар;
  • Тартқыш электрқозғалтқыштарды басқару блоктары;
  • Тартқыш аккумулятор батареяларын басқару жүйелері;
  • Автокөлікті басқару блоктары;
  • Тартқыш аккумулятор батареялары.

2.2. Төмендегі арнайы бөлшектерге шектеулерді қоспағанда, бизнесте коммерциялық пайдалануға (жалдау, такси, каршеринг және т.б.) арналған OMODA & JAECOO жаңа автокөлігіне, оның ішінде PHEV/HEV/EV гибрид/электрлік типті автокөлікке кепілдік мерзімі OMODA & JAECOO автокөлігін ресми Дилер бірінші сатып алушыға сатқан (табыстаған) сәттен бастап, қайсысы бірінші орын алатынына байланысты 1 (бір) жыл немесе 100 000 км жүрілген жолды құрайды.

2.3. OMODA & JAECOO автокөлігінің қызмет ету мерзімі оны Дилер бірінші сатып алушыға сатқан (берген) сәттен бастап 6 жылды құрайды. OMODA & JAECOO автокөлігінің қызмет ету мерзімі өткеннен кейін оны әрі қарай пайдалану иесінің сервистік кітапшада және пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген тұрақты техникалық қызмет көрсетуден өту туралы талаптарын сақтаған жағдайда мүмкін болады.

2.4. Жеке құрамдас бөлшектерге, яғни OMODA & JAECOO жаңа автокөлігінің арнайы бөлшектеріне Шектеулі кепілдік мерзімі келесідей бекітіледі:

  • Стартерлік аккумуляторлық батарея 3 ай / 5 000 км;
  • Ілінісу дискілері (механикалық трансмиссиялар үшін) 3 ай / 5 000 км;
  • Тежегіш жапсырмалары/қалыптары 3 ай / 5 000 км;
  • Алдыңғы және артқы әйнектер 3 ай / 5 000 км;
  • Әйнек тазалағыш қылшақтары 3 ай / 5 000 км;
  • Тұтандыру білтелері 3 ай / 5 000 км;
  • Тежегіш дискілері мен барабандары 36 ай / 60 000 км;
  • Тежегіш суппорттары 36 ай / 60 000 км;
  • Руль ұштықтары, руль тартқыштары 36 ай / 60 000 км;
  • Аспа иінтіректерінің шарнирлі тіректері 36 ай / 60 000 км;
  • Күпшек мойынтіректері 36 ай / 60 000 км;
  • Амортизаторлар, соның ішінде тіректер, тозаңқаптар, соққы бәсеңдеткіштер 36 ай / 60 000 км;
  • Тығыздамалар, тозаңқаптар, гофралар, төсемелер 36 ай / 60 000 км;
  • Жетек белдіктері 36 ай / 60 000 км;
  • Кергіштер / керу роликтері 36 ай / 60 000 км;
  • ГРМ белдігі 36 ай / 60 000 км;
  • Отын инжекторы (бүріккіштер) 36 ай / 60 000 км;
  • Оталдыру катушкалары 36 ай / 60 000 км;
  • Су сорғысы 36 ай / 60 000 км;
  • Отыр сорғысы 36 ай / 60 000 км;
  • Май сорғысы 36 ай / 60 000 км;
  • Стартер 36 ай / 60 000 км;
  • Генератор 36 ай / 60 000 км;
  • Дроссельді жапқыш 36 ай / 60 000 км;
  • Кондиционер компрессоры 36 ай / 60 000 км;
  • Ілінісу қақпағы 36 ай / 60 000 км;
  • Пайдаланылған газдарды шығару жүйелері, соның ішінде бәсеңдеткіштер 36 ай / 60 000 км;
  • Пайдаланылған газдардың катализаторлары 36 ай / 60 000 км;
  • Оттек датчиктері 36 ай / 60 000 км;
  • Дыбыстық сигналдар/клаксондар 36 ай / 60 000 км;
  • CD/DVD мультимедиалық жүйелері, мониторлар, дисплейлер 36 ай / 60 000 км;
  • Электр қозғалтқыштары бар әйнек көтергіштер механизмдері 36 ай / 60 000 км;
  • Радарлық датчиктер / радар модульдері 36 ай / 60 000 км;
  • Радиаторларды салқындату желдеткіштері 36 ай / 60 000 км;
  • Климаттық қондырғылардың желдеткіштері 36 ай / 60 000 км.

2.5. Кепілдік жаңа OMODA & JAECOO жаңа автокөлігіндегі келесі бөлшектерге/материалдарға/жұмыстарға қолданылмайды: барлық типтегі сүзгілер (ауа, салон, отын, май сүзгілері), автокөліктердің бүйірлік әйнектері, қашықтан басқарылатын смарт-кілттердің батареялары, лампалар, балқымалы ендірмелер мен сақтандырғыштар, шиналарды ауыстыру және жөндеу, салқындату жүйесіне арналған хладагент, майлар, техникалық сұйықтықтар, автокөліктің барлық жүйелеріне арналған майлағыштар, салқындатқыш сұйықтық және отын.

3-БАП. OMODA & JAECOO ТҮПНҰСҚА ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

3.1. Төмендегі жекелеген қосалқы бөлшектерге шектеулерді қоспағанда, OMODA & JAECOO жаңа түпнұсқа қосалқы бөлшектеріне кепілдік мерзімі, егер бұл қосалқы бөлшектер OMODA & JAECOO ресми Дилерінен сатып алынып, орнатылған болса, OMODA & JAECOO автокөлігіне ресми Дилерден қосалқы бөлшекті сатып алып орнатқан сәттен бастап, қайсысы бұрын орын алатынына байланысты 1 (бір) жыл немесе 30 000 км жүрілген жолды құрайды.


3.2. Жекелеген түпнұсқа қосалқы бөлшектерге Шектеулі кепілдік мерзімі келесідей белгіленеді:

  • Тұтандыру білтелері 3 ай / 5 000 км;
  • Алдыңғы және артқы әйнектер, соның ішінде қыздырғыш элемент 3 ай / 5 000 км;
  • Стартерлік аккумуляторлық батарея 3 ай / 5 000 км;
  • Әйнек тазалағыш қылшақтары 3 ай / 5 000 км;
  • Ілінісу дискілері (механикалық трансмиссиялар үшін) 3 ай / 5 000 км;
  • Жетек белдіктері 3 ай / 5 000 км;
  • Тежегіш дискілері мен барабандары 3 ай / 5 000 км;
  • Тежегіш жапсырмалары/қалыптары 3 ай / 5 000 км.

3.3. Кепілдік келесі түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қолданылмайды: бүйірлік әйнектер, лампалар, балқымалы ендірмелер/сақтандырғыштар, ЖЖМ, майлар, салқындатқыш сұйықтықтар, сүзгілер (ауа, май, отын), кондиционер сүзгісі.

4-БАП. БОЯУ-ЛАК ЖАБЫНЫНА БЕРІЛЕТІН КЕПІЛДІК

4.1. Егер жабынның кемшіліктері сапасыз материалдарды пайдаланудан немесе оларды жағу технологиясынан туындаған болса, кепілдік шанақтың және сыртқы бөлшектердің (артқы көрініс айналарының, бамперлердің) бояу-лак жабынына қолданылады. Кепілдіктің қолданылуы шанақ элементтері болып табылмайтын бөлшектерге (доңғалақ дискілері, пайдаланылған газдарды шығару элементтері, әйнек тазалағыш иінтіректері және т.б.) қолданылмайды. Жөндеу автокөліктің жалпы жай-күйі, пайдалану жүрісі, пайдалану мерзімі және жүргізілген техникалық қызмет көрсету операциялары ескеріле отырып жүзеге асырылады. Кепілдік 2-БАПТА көрсетілген мерзім ішінде қолданылады.

4.2. Зауыттық бояудың технологиялық процесінің ерекшеліктеріне байланысты OMODA & JAECOO жеңіл автокөліктерінің бояу-лак жабынының қалыңдығы автокөлік шанағының әртүрлі бөліктерінде өзгеше болуы мүмкін, өйткені бояу-лак жабыны екі қасиетке ие: қорғаныс және сәндік. Бояу-лак жабынын жағу кезінде дайындаушы зауыт регламенттеген стандартты технологиялық процесс қолданылады. Бояу-лак жабынының көрсетілген ерекшелігі автокөліктің кемшілігі болып табылмайды.

5-БАП. ТЕГІС ТЕТІКТІ ТОТТАНУҒА ҚАРСЫ КЕПІЛДІК

5.1. Тегіс тетікті тоттануға қарсы кепілдік, егер тегіс тетікті тоттанудың пайда болу себебі сапасыз материалдарды пайдалану немесе өндіріс технологиясының бұзылуы болған жағдайда, шанақтың барлық металл панельдеріне қолданылады.

5.2. Тегіс тетікті тоттанудан кепілдік міндеттемелерін сақтаудың міндетті шарты ресми дилерлердің сервистік орталықтарына бару кезінде шанақты жыл сайын тексеруден өткізу болып табылады. Бұл ретте дилер Сервистік кітапшаға тиісті белгілер қоюы тиіс. Автокөлікті тексеру барысында дилерлік желі мамандары шанақтың жай-күйін және тиісті жұмыстарды орындау қажеттілігін анықтайды. Олар Көлік иесіне сыртқы әсерден пайда болған және болашақта коррозия ошағына айналуы мүмкін анықталған ақаулар (сызаттар, жарықтар және бояудың опырылуы) туралы хабарлайды және Сервистік кітапшаға тиісті белгілер енгізеді. Тегіс тетікті тоттануға қарсы кепілдік құқығын сақтау үшін автокөлік Иесі тексеруден кейін 3 апта ішінде түпнұсқа бөлшектер мен материалдарды пайдалана отырып, OMODA & JAECOO ұсынған технологияға сәйкес өз есебінен жөндеу жүргізу үшін Дилердің шанақ жөндеу мамандарына жүгінуі тиіс.

Осы нұсқаулар сақталмаған жағдайда автокөлік Иесі тегіс тетікті тоттануға қарсы кепілдік құқығынан айырылады.

Басқа ескертпелер:

«Тегіс тетікті тоттану» термині материалдың немесе дайындаудың бастапқы ақауы себебінен қорғаныс жабынының астында пайда болған шанақ металының коррозиясы нәтижесінде шанақта тесіктің пайда болуын білдіреді. «Шанақ» анықтамасына доңғалақ дискілері және жылтыратылған сәндік бөлшектер, бамперлер, молдингтер мен топсалар сияқты бөліктер кірмейді.

6-БАП.КЕПІЛДІКПЕН НЕ ҚАМТЫЛМАЙДЫ

Дайындаушының кепілдігі тек өндірістік сипаттағы ақаулармен ғана шектеледі және келесі жағдайларға таралмайды:

6.1. Жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындау кезіндегі регламенттік жұмыстар, диагностикалық және реттеу жұмыстары, бір реттік элементтердің бұзылуы және басқа материалдардың жұмсалуы.

6.2. Кез келген бөлшектердің қалыпты тозуы, қалыпты пайдалану және қоршаған ортаның әсері нәтижесінде бөлшектер жабынының, бояу-лак қабатының, резеңке бөлшектердің, қаптама мен әрлеудің табиғи ескіруі және бұзылуы, соның ішінде қышқыл жаңбыр, атмосферадағы агрессивті заттар, өнеркәсіптік ластанулар, химикаттар, өсімдік шырыны, тастар, тұз, сондай-ақ бұршақ, дауыл, найзағай, су тасқыны және басқа да табиғат құбылыстары.

6.3. Автокөліктің немесе оның элементтерінің сапасына, сипаттамаларына немесе жұмыс қабілеттілігіне әсер етпейтін шамалы ауытқулар (мысалы, автокөлік агрегаттары мен жүйелерінің қалыпты жұмысын сүйемелдейтін әлсіз шу, сықыр немесе дірілдер).

6.4. Төсемелер, тығыздамалар және әртүрлі тығыздағыштар (әр түрлі типтегі герметиктер) арқылы майлардың, техникалық сұйықтықтардың немесе майлағыштардың шамалы (агрегаттың немесе тораптың қалыпты шығыны мен жұмысына әсер етпейтін) булануы және/немесе сығылып шығуы.

6.5. Әрлеу элементтерінің, бояу-лак және гальваникалық жабынның арнайы әдістерді қолданбай ажыратуға болмайтын кемшіліктері.

6.6. OMODA & JAECOO автокөліктерінде дайындаушы немесе дайындаушының бақылауымен орнатылған дисплей экрандарындағы ашық немесе күңгірт нүктелердің сандық тұрғыдан шамалы (3 данадан аспайтын) болуы.

6.7. Толық емес немесе тиісті емес қызмет көрсету нәтижесіндегі залал және/немесе ақаулық, мысалы, автокөлікті Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген күнделікті және/немесе мерзімді тексеруге және/немесе техникалық қызмет көрсетуге немқұрайлы қарау; автокөліктің жоспарлы техникалық қызмет көрсетулері арасындағы айтарлықтай артық жүріс (қайсысы бұрын болатынына байланысты 1000 км-ден немесе 1 айдан астам).

6.8. Дайындаушы мақұлдамаған түпнұсқа емес бөлшекті, құрылғыны немесе жабдықты пайдалану нәтижесінде туындаған залал және/немесе ақаулық, не болмаса Дилер болып табылмайтын техникалық орталық орындаған жөндеудің, қызмет көрсетудің және кез келген басқа жұмыс түрлерінің салдарын жою.

6.9. Жол-көлік оқиғасы, абайсыздық, немқұрайлы қарау, автокөлік жабдығын дұрыс пайдаланбау, автокөлікті басқарудағы дұрыс емес тәсілдер, оны жарыстарда, раллиде, (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей) такси, арнайы мақсаттағы авто ретінде пайдалану және т. б. нәтижесінде автокөліктің зақымдануы, сондай-ақ автокөлікті немесе оның бөліктерін дайындаушы мақұлдамаған түрлендіру (автокөлік конструкциясына өзгерістер енгізу, қосымша жабдық орнату, автокөлік иесінің немесе үшінші тұлғалардың тораптар мен агрегаттар жүйелерінің жұмысына араласуы).

6.10. Жүкті тиеу-түсіру немесе тасымалдау нәтижесінде автокөліктің, соның ішінде оның жүк бөлігінің және/немесе салонының зақымдануы.

6.11. Ақаулы автокөлікті пайдалану мүмкін еместігіне, уақытты жоғалтуға байланысты шығыстар,отынға, телефон байланысына кететін шығыстар, көлік шығыстары, кірісті жоғалту және басқа да коммерциялық шығындар.

6.12. Одометр көрсеткіштері жасанды түрде өзгертілген автокөліктің кез келген ақауларын жою, сондай-ақ осы ақауларға байланысты барлық ықтимал шығындар.

6.13. Басқа ақаулар анықталғаннан кейін оларды уақтылы жоймау нәтижесінде туындаған ақаулықтар және олардың салдары.

6.14. 2-БАПТАҒЫ белгіленген шектеулерге байланысты кепілдік мерзімі аяқталған бөлшектердің істен шығуы нәтижесінде туындаған шығындар.

6.15. Әртүрлі жарықтандырудың оптикалық әсерлерінен, көру ерекшеліктерінен, сондай-ақ басқа да факторлардан туындаған автокөлік шанағының лак-бояу жабыны реңктерінің шамалы өзгешелігі.

6.16. Сыртқы әсерлерден (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей): өнеркәсіптік, құрылыстық және химиялық шығарындылардан, ауаның қышқылды немесе сілтілі ластануынан, қышқыл жаңбырлардан, өсімдіктер шырынынан, құстар мен жануарлардың тіршілік әрекетінің өнімдерінен, көктайғаққа қарсы реагенттерден, тастар, құм, тұз және т. б. сияқты жол төсемінің бөлшектерінен туындаған автокөліктің немесе оның жекелеген элементтерінің кемшіліктері.

6.17. Форс-мажорлық жағдайлардан (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей): өрттерден, апаттардан, дүлей апаттардан, найзағайлардан, су тасқындарынан, жер сілкіністерінен туындаған автокөліктің зақымданулары.

6.18. Автокөлікті қалыпты пайдалану кезінде пайда болатын, өзара әрекеттесетін бөлшектердің түйісу беттеріндегі лак-бояу жабынының үйкеліп тозуы.

6.19. Автокөлік иесінің оны Пайдалану жөніндегі нұсқаулық шарттарын сақтамауы, және/немесе автокөлікке кезекті жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді орындамауы және/немесе автокөліктің тораптары мен агрегаттарын өз бетінше бөлшектеуі немесе жөндеуі және/немесе автокөлікті дайындаушы рұқсат еткен жүктемеден асыра пайдалану немесе оны тағайындалуы бойынша пайдаланбау және/немесе сапасыз ЖЖМ (бензин, дизель отыны, майлар) пайдалану салдарынан туындаған кемшіліктер, зақымданулар.

6.20. Аспа, трансмиссия, қозғалтқыш және пайдаланылған газдарды шығару трактісі элементтерінің коррозиясы.

 

7-БАП.АВТОКӨЛІКТІ ЖӨНДЕУ ОРНЫНА ДЕЙІН ЖЕТКІЗУ


7.1. Дайындаушының кепілдігі OMODA & JAECOO автокөлігіне кепілдік шарттарына сәйкес келетін ақаулық туындаған жағдайда, тек осы ақаулықтың сипаты Қазақстан Республикасы заңнамасының және автокөлікті Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына байланысты автокөлікті жөндеу орнына өз жүрісімен жеткізу мүмкіндігіне жол бермеген жағдайда ғана, оны ең жақын Дилерге жеткізуге (эвакуациялауға) қолданылады.

Эвакуациялау қажеттілігін нақтылау үшін міндетті түрде ең жақын Дилерден кеңес алыңыз.


7.2. Автокөлікті иесі өз бетінше жеткізген жағдайда, жоғарыда сипатталған жағдайда эвакуациялаудың құжатпен расталған құнын иесіне өтеу міндеті кепілдік жөндеу бойынша қызмет көрсететін Дилерге жүктеледі.

KZ
RU

Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын қолдануға және жеке деректеріңіздің өңделуіне келісіміңізді білдіресіз.