Жоспарлы мерзімді техникалық қызмет көрсету (ТҚК).

Автокөлігіңіздің ақаусыз жұмыс істеуі үшін Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың шарттарына, соның ішінде «ТҚК - 0» сәйкес тұрақты түрде техникалық қызмет көрсету қажет.

Мерзімді жоспарлы техникалық қызмет көрсету OMODA & JAECOO ресми Дилерлерінде жүргізілуі тиіс, олар туралы ақпаратты сервистік кітапшадан таба аласыз.

Техникалық қызмет көрсетудің белгіленген аралықтарынан ең көп ауытқу 1000 км-ден немесе 1 айдан аспауы керек (қайсысы бұрын болатынына байланысты).

Кезекті техникалық қызмет көрсету жүргізілетін күн мен жүріс автокөлікке кепілдік басталған күннен бастап тиісті уақыт мерзімі мен жүрісті есептеу арқылы анықталады. Осылайша, техникалық қызмет көрсетуді «уақыт бойынша» және «жүріс бойынша» жүргізу режимі бар (қайсысы бұрын болатынына байланысты).

Егер автокөлікті пайдалану шарттары техникалық қызмет көрсетуді «уақыт бойынша» режимінен «жүріс бойынша» режиміне немесе керісінше өзгертуге әкелсе, мына қағиданы басшылыққа алу керек: қалыпты жағдайда техникалық қызмет көрсетулер арасындағы аралық қайсысы бұрын болатынына байланысты 10 мың км жүрістен немесе 12 айдан аспауы тиіс.

Тиісті торап суға батқаннан кейін, мысалы, су бөгеттерін өткен кезде трансмиссия тораптары мен автокөлік қозғалтқышындағы майды ауыстыру ұсынылады.

Мерзімді техникалық қызмет көрсетуді орындамау немесе тиісінше орындамау, соның ішінде мұндай техникалық қызмет көрсетуді жүргізу кезінде ол OMODA & JAECOO бейресми Дилерінде орындалған болса, кепілдік бойынша жөндеу жүргізуден бас тартуға әкелуі мүмкін.

«ТҚК- 0» – жаңа автокөлікті сатып алған сәттен бастап 2 (екі) айдан немесе 5000 (мың) км жүрістен кейін (қайсысы бұрын болатынына байланысты) жүргізілетін қызмет көрсету OMODA & JAECOO автокөлігінің иесі тарапынан төленеді.

Техникалық қызмет көрсету регламентінің барлық тармақтарын міндетті түрде орындау талап етіледі. Регламенттік қызмет көрсетуді жүргізу үшін автокөлікті OMODA & JAECOO ресми дилерінің сервистік станциясына жеткізу қажет . Қалыпты пайдалану жағдайында қызмет көрсету әрбір 12 ай сайын немесе әрбір 10 000 км жүріс сайын (қай шарт бұрын болатынына байланысты) жүргізіледі.

Жол, ауа райы, атмосфералық жағдайларға және автокөлікті пайдалану ерекшелігіне байланысты техникалық қызмет көрсетуді жиірек жүргізу қажет болуы мүмкін. Автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің қандай регламентін ұстану керектігін білу үшін ресми дилердің сервистік станциясына хабарласыңыз.

Егер автокөлік төмендегі мысалдарда аталған ауыр жағдайларда пайдаланылса, қызмет көрсету әрбір 5 000 км сайын немесе әрбір 6 ай сайын (қай шарт бұрын болатынына байланысты) жүргізілуі тиіс.

Егер автокөлік келесі жағдайларда пайдаланылса, қозғалтқыш майын әрбір 5 000 км сайын немесе әрбір 6 ай сайын (қай шарт бұрын болатынына байланысты) ауыстыру керек:

  • Ауаның жоғары ылғалдылығы;
  • Теңіз деңгейінен жоғары биіктік;
  • Өте суық немесе өте ыстық климат;
  • Негізінен нашар жол жағдайлары (жол төсемінің сапасыздығы, қиыршық тасты жолдар, қар басқан жолдар және т.б.);
  • Таулы жолдарда пайдалану, ұзаққа созылған өрлер мен ылдилар;
  • Қысқа қашықтықтарға жиі сапарлар;
  • Жоғары температура жағдайында (32℃-ден жоғары) немесе көлік «кептелістерінде» жиі пайдалану;

Полиция автокөлігі, такси, коммерциялық автокөлік және т. б. ретінде пайдалану

Жоспарлы ТҚК — бұл тек қозғалтқыштағы майды регламенттік ауыстыру ғана емес.
Қызмет көрсету регламентін сақтау және толық ТҚК-дан тұрақты өту — Автокөлігіңіздің сенімділігі мен ұзақ мерзімділігінің кепілі.

ТҚК-дан өту кезінде мыналар жүргізіледі:

  • Қозғалтқыш майын және қозғалтқыштың май сүзгісін ауыстыру;
  • Қозғалтқыштың ауа сүзгісін ауыстыру;
  • Автокөлік салонын жылыту және кондиционерлеу жүйесінің сүзгісін ауыстыру;
  • Автокөліктің келесі жүйелері мен агрегаттарын тексеру/қарап шығу:
  • қозғалтқышты іске қосу жүйесі;
  • қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтық;
  • автоматты/роботтандырылған ББҚ-дағы май (2WD және 4WD);
  • аспалы агрегаттардың жетек белдіктері және жетек белдіктерінің роликтері;
  • автокөліктің барлық жүйелерінің түтіктері мен келтеқұбырлары;
  • аккумуляторлық батарея;
  • руль күшейткішіі гидрожүйесінің сұйықтығы;
  • аспа бөлшектері (тозаңқаптарды қоса алғанда), шарнирлі топсалар, бекіткіш элементтер;
  • жетектік топсалардың (ТЖТШ) қаптамалары, тозаңқаптары;
  • руль жетегінің топсалары, қаптамалары, тозаңқаптары;
  • кардан біліктерінің топсалары (айқастырмалары) және бекіткіш элементтері;
  • қозғалтқыштың пайдаланылған газдарын шығару жүйесі (герметикалығы);
  • ілінісу және тежегіш жетегі педальдерінің бос жүрісі;
  • тұрақ тежегішінің жетегі;
  • дөңгелектер, шиналар (қысым, тозу, бекіткіш элементтердің тартылу сәті);
  • отын жүйесінің құбырлары (герметикалығы);
  • есіктердің құлыптары, топсалары, бекіткіштері;
  • әйнек тазалағыштар, әйнек жуғыштар, фара жуғыштар;
  • жарықтандыру, жарық және дыбыстық сигнал беру жүйесінің аспаптары.

Жолыңыз болсын!

KZ
RU

Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын қолдануға және жеке деректеріңіздің өңделуіне келісіміңізді білдіресіз.